Сауалнама: COVID-19-ға қарсы вакцина қаншалықты қауіпсіз?

5 Қазан 2021, 12:04
4646
Бөлісу:
Сауалнама: COVID-19-ға қарсы вакцина қаншалықты қауіпсіз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясымен күрес бойынша азаматтық штаб «Вакцинация: жақтайтындар мен қарсылық танытқандар» атты әлеуметтік сауалнама нәтижесімен бөлісті.

Коронавирус пандемиясына қарсы «Ел үшін егілемін» азаматтық штаб өкілдері Қазақстанның барлық өңірі мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша 18 жастан асқан 2 559 респонденттен әлеуметтік сауалнама алды.

Бұл сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі, атап айтқанда, 65,6%-ы коронавирус инфекциясына шалдықпаған. Дегенмен 3%-ы COVID-19 жұқтырып, госпитализацияланған (ПТР тестілеу кезінде вирус анықталған), ал респонденттердің 21,4%-ында вирус белгілері болған. Алайда олар ПТР тестін тапсырмаған. Бұл кейбір азаматтың әлеуметтік жауапкершілігі жоқтығынан хабар береді. 

Заңгер, Нұр-Сұлтан қаласындағы Заңгерлер одағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерін сауалнама нәтижесімен таныстыру кезінде зерттеу сұралғандардың жалпы екпе мен COVID-19-ға қарсы вакцинаға деген көзқарасын байқауға мүмкіндік бергенін атап өтті. 

Мысалы қатысқандардың 11,9%-ы екпеге қарсы болса, 24,2 пайызы қолдаған. 

Сұралғандардың 69,9 пайызы жалпы екпеге, ал 58,5 пайызы COVID-19-ға қарсы вакцинаға қарсылық танытып отыр. 

Жалпы вакцинацияға респонденттердің 18,5 пайызы, ал COVID-19-ға қарсы екпеге 17,4 пайыз бейтарап пікір білдірді. 

Өңірлер бойынша айтатын болсақ, COVID-19-ға қарсылық танытқандар саны бойынша Солтүстік Қазақстан (46%), Атырау облысы (37,8%) және Алматы облысы (35,2 пайыз) алда. 

Коронавирусқа қарсы вакцинаға бейтарап пікір білдірген өңірлер Түркістан облысы (7,1%), Батыс Қазақстан облысы (10,8 %) және Жамбыл облысы (11,8%). Бұл Түркістан облысы вакцинациялау бойынша көш бастап, коронавирус инфекциясы бойынша «жасыл» аймаққа ауысқанын білдіреді, - делінген хабарламада.
ҚР ДСМ сауалнама нәтижесі бойынша COVID-19-ға қарсы вакцинаға сенімі төмен аймақтарда ақпараттық жұмыс жүргізуге дайын.

Жүргізілген сауалнамадан шыққан нәтиже – COVID-19-ға қарсы вакцина қауіпсіз. Тек 2 пайыз респондент вакцинаның денсаулыққа ұзақ жанама әсері барын атап өткен. 

Өзгелердің жаңалығы