Сарышағанда зениттік зымыран кешені сынақтан өткізілді

18 Қазан 2019, 23:11
1997
Бөлісу:
Сарышағанда зениттік зымыран кешені сынақтан өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе шабуылына қарсы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықовтың басшылығымен «Сарышаған» полигонында С-300 зениттік зымыран кешенін бақылау сынағы өткізілді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, сынақ әуе шабуылына қарсы әскерлерді жауынгерлік техникамен қайта қаруландыру жоспарына сәйкес өткізілді және кешеннің барлық жауынгерлік әзірлік жүйесі мен параметрінің қызмет атқаруы, тексеру, жөнге салу және ретке келтіру мақсатында ұйымдастырылды.

Бұдан бұрын С-300 –ді әуе шабуылына қарсы жүйелерін жөндеу мен қызмет көрсетуге бағытталған отандық кәсіпорын – «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының негізінде күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізген.

Қабылдау-тапсыру сынақтарының қорытындысы бойынша зениттік -зымыран кешені пайдалануға және өзіне арналған қызметті атқаруға жауынгерлік кезекшілікке түсуге әзір.

"С-300 зениттік-зымыран кешені  әуе шабуылына қарсы жедел және көпканалды жүйе болып табылады. Ол ауқымды мақсаттарды жоюға, бірден алты мақсатты 30-дан 1200 м/с жылдамдығына дейін ұшып, объектілердің жеңілісін  жоюға қабілетті", - делінген хабарламада.

Аталған кешен қазіргі заманғы Қазақстан қару-жарақ техникаларының қатарында бар және әлемдегі ең қуатты әуе шабуылына қарсы қуатты жүйе болып есептеледі.


 

Өзгелердің жаңалығы