Бас жаңалықтар
«Сарыарқа» газ құбыры қазан айында Нұр-Сұлтанға дейін тартылады
23 Тамыз 2019, 10:31 301

«Сарыарқа» газ құбыры қазан айында Нұр-Сұлтанға дейін тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасы Ахметжан Есімов «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры тасжолының 820 шақырымына барып қайтты. Газ құбырының құрылысы 2019 жылы қазан айында аяқталады.

Ахметжан Есімов құрылыс объектісіне оң баға беріп, құрылысты уақытылы аяқтауды, сондай-ақ газ құбырын іске қосу-жөндеу жұмыстарының өз мерзімінде бітуін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

«Қазір газ құбырының құрылысы 75%-ға аяқталған. Жалғау жұмыстары Қарағанды мен Ақмола облыстарында жүргізіліп жатыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен әкімдіктер құрылыстың желілік жағы тәмамдалғаннан кейін елді мекендер мен астананы газбен жабдықтауға кіріседі», - деді «АстанаГазҚМГ» АҚ Бас директоры Сағидулла Мақашев.

Айта кеткен жөн, газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Ол Қазақстанның астанасын, елдің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етугеарналған. Қор ауқымды жобаны қаржыландыруға қатысады, құрылыстың мердігері – «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы, операторы – «Астана Газ ҚМГ» компаниясы. «Сарыарқа» газ құбыры «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырынан бастау алады. Негізгі құрылыс жұмыстары 2019 жылдың соңына қарай аяқталатын болады. Пайдалануға енгізу 2020 жылыжоспарланып отыр. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1061 км, ол 

1,7 млн тұрғыны бар 171 елді мекенді қамтиды.



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық