«Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 1000-нан астам өтініш түсті

23 Шілде 2019, 03:38
3520
Бөлісу:
«Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 1000-нан астам өтініш түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көп жағдайда өтініш берушілер құжаттарын алуға және заңды мәселелерді шешуге көмектесуді сұрады.

«Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы туралы оның басшысы Мәлика Күсенбаева облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста баяндады. 

«455 өтініш бойынша шаралар қабылданды. Мәселен, Бұқар жырау ауданында жергілікті әкімдіктің көмегімен өтініш берген тұрғынға зейнеткер куәлігін беру мәселесі шешілді. Қарағанды қаласының Октябрь ауданында «Маяк» аялдамасында жылдамдықты шектейтін жол белгісі орнатылды. Шет ауданында Жарық ауылындағы орта мектеп қызметкерінің жалақы бойынша құқығы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, бізге Ресей азаматшасы ҚР аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салуды алып тастауға көмек көрсету туралы өтініш білдірді», - деді ол. 

Жоба аясында облыста мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және мемлекеттік мекемелерде 121 «адалдық дүкені» ашылды. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінде open space қағидаты бойынша фронт-кеңселер мен қабылдау бөлмелері пайда болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар» жобасын алға жылжыту бойынша Мәлика Күсенбаеваның белсенді жұмысын бағалады.

Агенттік басшысының қолы қойылған мадақ қағазын бүгін аппараттық кеңесте Ерлан Қошанов өзі табыс етті. 2018 жылдың қараша айында Қарағанды облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аймақтар» акциясы жұмыс істей бастады.

 

Өзгелердің жаңалығы