Сарыағаштық алаяқ жұмысқа тұрғызамын деп 3 адамнан ақша алып кеткен

11 Тамыз 2020, 07:08
2665
Бөлісу:
Сарыағаштық алаяқ жұмысқа тұрғызамын деп 3 адамнан ақша алып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш ауданында адамдарды жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ ұсталды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті оңай жолмен ақша тауып, жәбірленушілерге миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Алаяқтықтың құрбаны болған жергілікті тұрғындар Сарыағаш аудандық ПБ-не арызданған. Жәбірленушілер күдікті ер адамның оларды жұмысқа орналастырып беремін деп бірінен 250 мың, екіншісінен 400 мың теңге алғанын хабарлаған. Ал үшінші тұрғын оған 700 мың теңгесін сеніп берген екен.

Алайда, ақшаны алып алған күдікті хабарсыз кеткен. Ауданның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар деген жергілікті тұрғынды қолға түсірген. Жұмыссыз жүрген күдіктіге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған.

Бүгінде аталған жайт бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын толық тексеріп, күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы