Сарыағашта 100 жастан асқан қариялар онлайн санаққа қатысты

15 Қыркүйек 2021, 14:39
3748
Бөлісу:
Сарыағашта 100 жастан асқан қариялар онлайн санаққа қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының 100 жастағы тұрғыны жалпыұлттық халық санағынан алғашқылардың бірі болып өтті.

Ақсақал пандемияға қатысты кейінге шегерілген саяси науқанның басталғанын асыға күткенін айтады. Соғыс ардагері Эрмохан Ишхонов жылдар бойы авиациялық әскери қызметте болған.

I дәрежелі «Екінші дүниежүзілік соғысы», «КСРО Гвардиясы», «1941-1945ж Отан соғысы» ордендерімен, «Мінсіз қызметі үшін», «Ерлігі үшін» және басқа да 20-дан астам медальдармен марапатталған. Жеті баланың әкесі бүгінде олардан 33 немере, 49 шөбере, 6 шөпшек сүйіп, немеренің қуанышына бөленіп отыр.

101 жастағы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылының тұрғыны Жадыра Кескенбаева Ұлттық халық санағына қатысу бақыты бұйырғанына шексіз риза. Ғасыр жасаған қарияға онлайн санақтан өтуге шөбере, шөпшектері көмектескен. 1920 жылы дүниеге келген әжей 3 ұл 4 қыз тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана. Бүгінгі таңда олардан 35 немере, 82 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр.

Сарыағашта 100 жастан асқан қариялар онлайн санаққа қатысты
Халық санағын асыға күттік. Санаққа қатысып, тіркеуге жазылғанымыз үшін бақыттымыз. Баршаңызға Алла біздің жасымызды берсін. Біз секілді немере, шөбере, шөпшек көріңіздер, -деп алғысын білдіріп, ақ батасын берді қария.

Өзгелердің жаңалығы