Сарыағаш ауданында 766 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

21 Сәуір 2021, 03:25
1850
Бөлісу:
Сарыағаш ауданында 766 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатындағы 765,98 га жер пайдаланбай жатқандығы белгілі болып, мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алдағы уақытта басқа да игерілмей жатқан жерлерді анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Жалпы,  ауданда ағымдағы жылы I тоқсанда жергілікті бюджетке жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсатта жеке меншікке сатудан 42 146,5 мың теңге және жер телімдерін уақытша жалға беруден түсетін түсімдер бойынша 3674,6 мың теңге түсіп,  меже артығымен орындалды.


Өзгелердің жаңалығы