Сарыағашта күн электр стансасы іске қосылады

31 Қаңтар 2019, 12:36
2889
Бөлісу:
Сарыағашта күн электр стансасы іске қосылады

Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 42 гектар жерде қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталуда.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жобаны қазақстандық «EcoProTech-Astana» компаниясы германиялық «DERA GmbH» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Тартылған инвестиция көлемі – 35 млн. долллар.

Күн электр стансасының құрылысы аясында 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модуль, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ 10 таратушы құрылғы орнатылады. «Жасыл» энергия көздерінен  өндірілген электр энергиясы Қазақстандағы бірыңғай электр энергетикалық жүйесі болып табылатын «KEGOC» АҚ-ға жеткізіледі. Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс адам жұмыспен қамтылмақ.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Ағымдағы жылдың ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады. Электр станциясының іске қосылуы 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған.

Жобаны «Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы – «TURKISTAN INVEST» сүйемелдеуде.

Өзгелердің жаңалығы