Бас жаңалықтар
Сарыағаш ауданында 635 гектар жылыжай бар
07 Маусым 2019, 21:53 513

Сарыағаш ауданында 635 гектар жылыжай бар

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданы бойынша 635 гектар жылыжай бар. Тек осы жылыжайдан биыл 53460 тонна көкөніс тапсырылған. 

Ресейлік «ЭКО-культура» агрохолдингінің жұмысшы тобы Түркістан облысының жылыжайшыларымен кездесу барысында бағаны тұрақтандыру, өнімдерді өткізу бойынша кооперация құру мәселесін талқылады. Бұл туралы ауданға барған пресс тур барысында мәлім болды. 

Сарыағаш ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрполат Талиповтың айтуынша, аталған кооперацияға аудан жылыжайшылары мүше болып кірген жағдайда шруашылыққа өте тиімді болмақ. Себебі, баға тұрақтанып, қай жерге тапсыру керек деген мәселеде көп алаңдамайды. 

«Ауданның жылыжайшылары Ресей елінен келген «ЭКО-культура» компаниясымен дөңгелек үстел өткізді. Бұл жерде шаруаларымызға өнімдерді өткізу мәселесі қиындау болып жатыр. Айтуларынша, баға тұрақты емес. Сол бағаны тұрақтандыру үшін Ресейден келген компания өнімдерді өздеріне алып кету жағынан көмектесу мақсатында үлкен кооперация құрғалы отыр. Бір айта кетерлігі, кооперацияға қызыушылық танытқан шаруалар ғана мүше бола алатын болды. Өздеріңіз білесіздер, шаруаларға мемлекет тарапынан беріліп келген субсидия алынып тасталды. Бірақ, бұл мүлдем көмек деген жоқ емес. Мемлекет шаруаларға минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді жеңілдетілген бағамен беруде», - деді Нұрполат Зайнилұлы. 


Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округінде орналасқан «Занджанижад» шаруа қожалығы жылыжайы қызанақ дақылын өндірумен айналысады. 2012 жылы құрылған жылыжайдың көлемі 1,2 гектарды құрайды. 2018 жылдан бастап 140 тонна қызанақ өндіріп, өнімдерін Ресей және Қазақстанға жеткізумен айналысады. 

«12 жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысып келеміз. 4 жылдан бері қызанақтың голландия сортын өсіріп жатырмыз. Бұл қызанақтар қатты әрі алыс жолға шыдамды. Өнімдерімізді Ресейден басқа Қазақстанның Алматы, Қостанай қалаларына, Түркістан облысына да жібереміз. Бір жылда 2 мәрте көктемде және күзде 100 тоннадан өнім аламыз. Бір гектарына 12 адам жұмыс істейді. Жылыжайда жергілікті жұмысшылар да бар. Жылыжайда көмірден біраз проблема туындады, газдың бағасы екі есе қымбат. Егер табиғи отын Қызылордадан тартылса арзан болар еді», - деді «Занджанижад» жылыжайының агрономы Видади Мамедов. 

Айта кетейік, Сарыағаш ауданында 28, 38 гектар жылыжаймен айналысатын кейбір шаруашылықтар кооперацияға мүше болмайтынын, өздерінің өнім өткізетін келісімшарты барын жеткізген. Бүгінде олардың өнімдері еліміздің солтүстік аймақтарына жеткізілгелі отыр. 

«Былтыр ауданымызда көмірден проблема болды. Өздері сияқты кәсіпкерлер қатты отынның бағасын қымбаттатып жіберді. Ал арзан көмір нашар болды. Алайда биыл көмір мәселесі жолға қойылып, сапасы дұрысталды. Өйткені, кәсіпкерлер көмір сатудан пайда түсетінін білді. Жалпы, тауар экспортқа шығып кетсе ішкі нарықтағы бағалар өсіп кетеді деген қауіп бар. Бұл мәселе Түркістан облысының ауыл шаруашылық басқармасы арқылы реттеледі», - деді Н.Талипов. 

Биыл Сарыағаш ауданында 30 гектар меже жылыжай салу қолға алынып, оның 20 гектары іске асырылды. Сондай-ақ, ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрполат Талиповтың айтуынша, егер шаруа 50 сотықтан жоғары жылыжайды жаңадан құрса, мемлекет оған 25 пайыз субсидияны қайтарып береді.


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық