Бас жаңалықтар
Сарбаздардың жазғы оқу кезеңіне даярлығы аяқталуға жақын
PHOTO
17 Мамыр 2021, 20:15 254

Сарбаздардың жазғы оқу кезеңіне даярлығы аяқталуға жақын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс ведомствосында өткен аппарат кеңесте ел әскерінің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Аталған кеңесте жазғы оқу кезеңіне даярлық басты назарға алынды. Қазіргі уақытта әскерлерде басшылық құрамның барлық санаттарымен нұсқаулық-әдістемелік жиындар өткізілетіні жөнінде баяндалды. Оның нәтижесі бойынша жартыжылдық қызметтің қорытындылары шығарылады.

Сабақтар жауынгерлік даярлықтың барлық бағыты бойынша жүріледі. Атап айтсақ, жалпыәскери командирлер, артиллерия, байланыс, барлау, РХБҚ, инженерлік әскерлер, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелерінің басшылықтары, тәрбие құрылымдарының офицерлері жеке-жеке қатысады.

Қорғаныс ведомствосының басшысы әскерлердің жауынгерлік оқуына жүйелі талдау қажеттігіне назар аударды. Оқу-жаттығулар мен атыстардың қорытындылары, инспекция жүргізетін құрылымдардың тексеру актілері зерделенуі тиіс. Әр командир өзіне жүктелген бөлімшенің нәтижелерін атап, кемшіліктерін анықтауы керек. Оларды ескере отырып, одан әрі жұмысты реттеп, тиісті міндеттер қойылуы қажет - деді министр. 

Сонымен қатар, Қорғаныс министрі оқу-жаттығу материалдық базасын, әсіресе жауынгерлік оқу-жаттығу топтарының техникасын дайындау маңызды бағыт екенін атап өтті. 

Полигондар мен оқу-жаттығу алаңдарын жарылыс қауіпті заттардан тазартуды белгіленген мерзімде аяқтау қажет. Жазғы оқу кезеңіне даярлықты жалпы бақылау Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановқа жүктелді.

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев сондай-ақ, әскери білім беруді жетілдіру тақырыбын да көтерді. 

Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов Құрлық әскерлері Әскери институтының инфрақұрылымы мен объектілерін дамытудың Жол картасы бойынша жұмысын баяндады. 

Жол картасында көзделген шаралар институттың оқу-материалдық базасын жаңартуды қамтиды. Бұл жақын болашақта білім беру сапасын арттыруға және офицерлерді заман талаптарына сай даярлауға мүмкіндік береді - деді ол. 

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтындағы оқу үрдісіне қатысты ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов оқу-жаттығу ұшуларын жүргізу үшін оқу орнына бірнеше ұшу аппараттарын беру жоспарланғанын баяндады.

Қорғаныс министрі әлеуметтік қамсыздандыруға жеке тоқталды. Ол Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес Қарулы Күштер жеке құрамының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуліктік азық-түлік үлесінің орташа құны 40%-ға артты, әскери қызметшілердің лауазымдық жалақылары мен әскери зейнеткерлердің зейнетақы төлемдері өсті.

Сонымен қатар, Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери қызметт 10 жылдан астам, дегенмен 20 жылдан аз еңбек сіңірген және жабық әскери қалашықтарда тұратын бұрынғы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері ішінара шешімін тапқанын атап өтті.

Осы тұрғыда тұрғын үй мәселесін шешуге арналған заң ережесі бар. Сол ережеге сәйкес олар Қазақстан қалаларындағы пәтерлерге қызметтік тұрғын үйлерін айырбастап, оларды қалдық құны бойынша сатып ала алады. Бұл ретте 300-ден астам отбасы өз құқықтарын пайдаланды. Тәжірибе сүйенсек, қалған бұрынғы әскери қызметшілер Заңның осы ережесінің барлық артықшылықтары мен тиімділіктерін біле бермейді. Сонымен, ұсынылған пәтерлердің қалдық құны нарықтағы тұрғын үй бағасынан әлдеқайда төмен. Бұдан басқа, бастапқы жарна 30% болған жағдайда төлемдерді 10 жылға пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігі тағы бар - деді министр. 

Жуырда гарнизондарда бұрынғы әскери қызметшілермен жеке түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, оларға қолда бар тұрғын үй қорын көрсету және осы тұрғын үйді сатып алу үшін төлем есебін жүргізу министрдің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовқа тапсырылды.

Қарулы Күштердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев баяндады. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 6 пайызға төмендеді. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі елдің түрлі өңірлерінен келген жас сарбаздар. Жеке құрамның 86 пайыздан астамы екпе алды. Жеке құрам ұдайы өзгеретінін ескеріліп, мерзімді әскери қызметке шақыру жүзеге асырылады. Бұл жұмысты жалғастыру қажет - деді ол. 

Қорғаныс министрі статистикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, екпе алу әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлердің денсаулығын сақтау тұрғысынан жақсы нәтиже беретініне назар аударды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...