"Сарбаз сахнасы" әскери фестивалі өтті

21 Қараша 2019, 23:31
3742
Бөлісу:
"Сарбаз сахнасы" әскери фестивалі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қарулы күштері шығармашылық ұжымының "Сарбаз сахнасы" жалпы әскери фестивалінің соңғы кезеңі елордада өтті. Түрлі өңірден келген 400 әскери қызметші өнерлерін ортаға салды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қатысушылар төрт номинация бойынша сынға түсті. Олар: вокал (жеке, ансамбль құрамында), аспапты ансамбль (үрмелі, соқпалы, фольклорлы), фотограф, суретші, көркем ою шеберлері мен басқалары қатысатын ерекше нөмірлер болды.

Қатысушы солисттер мен музыкалық ұжым қатысушылары әскери-патриоттық тақырыптағы отандық және шетелдік композиторлардың туындыларын орындады.

img_6532_21779.jpg

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы екі номинация бойынша жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Жасұлан Тәжиев "Вокал" бойынша, "Жаңа ғасыр" фальклорлық-этнографикалық ансамблі аспаптық орындауда, ұжымдық бишілер арасында құрлық әскерлері әскери институтының "Семсер" би тобы үздік өнер көрсетсе, жеке орындауда бірінші орынды ҚР ҚК қызметкері, ұлттық қорғаныс университетінен Сәния Жұлдыз қанжығасына байлады. Фестивальдің бас жүлдесіне "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің "Талисман" би тобы ие болды.

Әр номинацияда жеңімпаздар мен гран-при иегеріне бағалы сыйлықтар, "Сарбаз сахнасы" бас мүсіні мен диплом табыс етілді. Гала-концерт пен марапаттау рәсіміне қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов қатысты. Ол қатысушыларға сайысқа қатысқаны үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. 

img_6532_21782.jpg

Қазақстан Қарулы күштері шығармашылық ұжымының "Сарбаз сахнасы" жалпы әскери фестивалінің басты мақсаты көркем өнерпаздардың кәсіби дамуына идеологиялық және мәдени-демалыс жұмыстарының тиімділігін арттыру, талантты әскери қызметшілерді анықтау болып табылады. Біз қатысушылардың өнерлерін толқыныспен бақылап, таланты мен шеберлігін бағалап, қолдау көрсетіп отырдық, - деді ол.

Шара соңында лауреаттардың қатысуымен гала-концерт өтті.

img_6532_21784.jpg

ҚР Қарулы күштерінің шығармашылық ұжымы өткізетін "Сарбаз сахнасы" бүкіл армиялық фестивалі жыл сайын төрт кезеңде өткізіледі. Атап айтқанда, Қарулы күштердің өңірлік қолбасшылықтарында, тектері мен түрлерінде, роталар, ботальондар мен бригадалар деңгейінде өткізіледі.

Айта кетейік, ҚР қорғаныс министрінің бастамасымен биылдан бастап Қарулы күштердегі "Жас Ұлан" әскери әндер фестивалі екі конкурсқа бөлінді. Алдағы уақытта ол Қарулы күштердің шығармашылық ұжымының "Сарбаз сахнасы" жалпы әскери фестивалі және "Жас Сарбаз" республикалық әскери-патриоттық әндер фестивалі болып өткізіледі. 



 

Өзгелердің жаңалығы