Бас жаңалықтар
Сарапшылар жастарға кәсіптік бағдар беру мәселесін талқылады
13 Қазан 2021, 21:45 2878

Сарапшылар жастарға кәсіптік бағдар беру мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы негізінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырылатын «Кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру» жобасы шеңберінде Ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.

Қазақстан студенттері альянсы онлайн-форматта «Қазақстандағы жастарды кәсіптік бағдарлаудың мәселелері және оларды шешудің ықтимал жолдары» тақырыбында ашық диалог алаңын ұйымдастырып, өткізді.

Онлайн-пікірталас барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.С.Адамбеков, ҚР Білім және ғылым вице-министрі К.А.Ерғалиев, Narxoz University Президенті М.М.Дәуленов, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Төлеген, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А.Б.Карбозова, BTS Education бас директоры Н.Саясат, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Қ.Сакошев және Нұр-Сұлтан қаласының №90 мектеп-гимназиясының директоры А.Ахметжанұлы баяндама жасады.

Іс-шараны Қазақстан студенттер альянсының төрағасы И.Н.Түстікбаев модерациялады.

Іс-шараға жоғары оқу орындардың проректорлары, 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының өкілдері, университеттердің, колледждердің студенттері мен мектеп оқушылары, Қазақстан студенттер альянсының өңірлік филиалдарының төрағалары мен белсенділері, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Студенттер мәселелері жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.

Онлайн пікір алмасу қорытындысы бойынша еңбек нарығын дамытудың қазіргі заманғы трендтерін ескере отырып, Қазақстандағы жастарды кәсіптік бағдарлау мәселелерін шешу бойынша нақты ұсынымдар әзірленді, олар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға өз жұмыстарында алдағы уақытта пайдалану үшін жіберілетін болады.

Диалог алаңы Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...