Сарапшылар алматылық акушердің бойында вакцинациядан кейін құрысудың пайда болу себебін түсіндірді

28 Мамыр 2021, 17:49
7546
Бөлісу:
Сарапшылар алматылық акушердің бойында вакцинациядан кейін құрысудың пайда болу себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы мамандар бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Осыдан біраз күн бұрын желіде бойжеткеннің аурухана төсегінде денесі құрысып жатқан видео тараған болатын. Бойжеткеннің құрбысы мұны коронавирусқа қарсы вакцинамен байланыстырады.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева вакцинациялау алдында дәрігерлер қарсы көрсетілімдерге міндетті түрде тексеру жүргізетінін еске салды.

Алдымен вакцина алушыларды тіркейді, содан кейін медициналық шешім қабылданады. Егер медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, пациент вакцинацияланады және вакцинациядан кейін медициналық ұйымның аумағында, егу кабинетінде болады, – деді ол.

Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, бұл бақылау үш күнге созылады. Ол вакцинациядан кейінгі немесе жағымсыз көріністер 3-5 күн ішінде байқалуы мүмкін екенін атап өтті.

Мына жағдайда бойжеткен денсаулығындағы өзгерістерді вакцинациямен байланыстырып, емделуге бір айдан кейін келіп тұр. Сондықтан қазіргі уақытта бұл мәселеге мұқият зерттеу жүргізілуде. Оның нәтижелерін Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінен білеміз, - деп түсіндірді спикер.

Медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева қазір адамның денсаулығында болып жатқан барлық өзгеріс вакцинациядан кейінгі реакциямен байланыстыратын уақыт екенін айтады.

Қазір қызық уақыт, 40 жастағы адамның басына қиындық түскен кезде, вакцинациядан бір апта өткен соң, күйеуі 20 жастағы вакцинацияланбаған медбикеге кетіп қалған деген сияқты әзілдегідей жағдай болып жатыр. Бұл жағдай да тура осы сияқты, - деп әзілдеді ол.

Ләззат Ералиева сондай-ақ себеп-салдарлық байланысты іздеу қажеттілігі туралы айтты, себебі жағымсыз реакциялар алғашқы үш күнде пайда болады.

Біріншіден, біз вакцинациядан бастап, құрысулар пайда болғанға дейін не болғанын білуіміз керек, жалпы жағдайды анықтауымыз қажет. Оның неврологиялық патологиясы болуы мүмкін. Мүмкін ол қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдаған шығар. Мүмкін оның басында құрысуға алып келген стресс болған шығар. Барлық нәрсені вакцинамен байланыстыра беруге болмайды, – деді дәрігер.


Өзгелердің жаңалығы