Бас жаңалықтар
Сарапшы елімізде жанармай бағасы қанша теңгеге тұрақтайтынын айтты
14 Сәуiр 2021, 19:10 3793

Сарапшы елімізде жанармай бағасы қанша теңгеге тұрақтайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде биыл наурыз айынан бастап жанармай мен басқа да жанар-жағармай материалдарына бағаның өсуі байқалып отыр. Осы ретте бағаның өсуіне не себеп болғанын мұнай-газ саласының сарапшысы Ерлан Жаукин түсіндіріп берді.

Сарапшы да нарықта бензин бағасының көтерілуі байқалып отырғанын жеткізді.

Ең алдымен, халықта АИ-92 бензині бағасының көтерілуіне қатысты сауал туындап жатыр. Бүгінгі таңда бұл көтерме бөлшек сауда нарығында 2020 жылдың басында акциздің өсуіне байланысты шығындарын өтеумен байланысты болып отыр. Екіншіден, 2020 жылы сәуірде карантин шараларына және мұнай нарықтарының құлдырауына байланысты Қазақстанда бензин бағасы төмендетілген болатын. Енді бүгін біз 2021 жылдың бірінші тоқсанында бағаның қайта қалпына келгенін көріп отырмыз, - дейді Ерлан Жаукин.

Ол атап өткендей, бүгінгі таңда өңдеуге жеткізілетін мұнайдың құны оны өндіру құнынан едәуір төмен.

Сарапшының сөзінше, тарихи жер қойнауын пайдаланушы-өндіруші компаниялар ішкі нарыққа мұнай жеткізуді субсидиялады. Яғни, ішкі нарықтағы мұнай бағасының құлдырауы кезінде олар мұнай экспортындағы кірістер есебінен өтелді.

Зауыттарды жаңғырту аяқталып, жаңа өндірістер енгізілгеннен кейін елдің нарығында мұнай жеткізу көлемі 2 миллион тоннаға дейін өсті. Бұл көлемдер экспорттан алынған. Сонымен қатар бүгінде жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай экспорты кезінде алатын табыстары ішкі нарыққа мұнай жеткізудің шығынын жаппайды. Яғни, бензин құнының өсуі мен ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай құнын теңестіру қажеттілігі туындайды, - деп түсіндірді ол.

Жаукиннің пікірінше, бір литр жанармай бағасы 192 теңгені құрап отыр. Бірақ жақын арада нарық тұрақталып, АИ-92 жанар-жағар майының бір литрінің бағасы 175-180 теңгеге дейін белгіленуі тиіс. 

Карантинге дейін бағалар литр үшін 155 теңге деңгейінде болды. Өткен жылдың сәуір айының басында бағалар Алматы өңірі бойынша 150 теңгеге, Батыс облысы бойынша литріне 142-145 теңгеге төмендетілді. Сонымен қатар жыл басында бензинге акциздің мөлшерлемесі 10 500 теңгеден 24 500 теңгеге дейін, яғни литріне 11 теңгеге дейін көтерілгенін байқап отырмыз. Бұл ретте нарық акциздің көтерілуіне толық жауап берген жоқ, яғни бағалар былтыр 11 теңгеге көтерілуі тиіс еді, бірақ олар көтерілмеді. Сондықтан бүгінгі таңда біз акциздің кешіктіріліп өскенін көріп отырмыз, - деп қорытындылады сарапшы Жаукин.

Оның сөзінше, бағалар тек Қазақстанда ғана өскен жоқ. Мысалы, Еуразиялық одаққа кіретін Ресейде, Арменияда, Беларусь елінде және Қырғызстанда да бағаның өскені байқалады. Егер Қазақстан мен Ресейді мұнай өндейтін елдер деп алатын болсақ, онда Ресейде баға анағұрлым жоғары.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//