Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы ашылады

21 Қаңтар 2019, 17:15
2473
Бөлісу:
Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы ашылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында мәлімдеді.

«23 қаңтарда Қарағанды облысындағы Саран қаласында 100 мегабатт қуаты бар «СЭС-Саран» күн электр станциясы ашылады. Ашылу салтанатына Қазақстан СІМ өкілдері және Германияның Қазақстандағы елшісі Тило Клиндер қатысуы жоспарланып  отыр. Жобаны Canadian Solar Incorporation компаниясынан 300 мыңнан астам күн модулін қолданатын Германия, Чехия және Словакия инвестициялық тобы жүзеге асырады. Бұдан бұрын аталған жоба «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесінің аясында Қазақстан павильонында таныстырылған болатын», - деп қорытындылады Айбек Смадияров.

Сонымен қатар, ол Өзбекстан астанасы Ташкентте қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласында ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Одағы-Орталық Азия арасындағы жоғары деңгейлі  алтыншы конференциясы өтетінін мәлімдеді. Оған елімізден тиісті ведомство өкілдері қатысады.

«24-25 қаңтарда Ташкент қаласында қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласында ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Одағы-Орталық Азия арасындағы жоғары деңгейлі  алтыншы конференциясы өтеді. Іс-шараға Орталық Азия және Еуроодақ  елдерінің қоршаған орта және климаттың өзгеруі, су ресурстары саласындағы саясатына жауапты министрлік пен ведомство өкілдері қатысады», - деді СІМ өкілі.

Рахиля Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы