Сақалдарын қырып, киімдерін ауыстырып жатыр. Тоқаев лаңкестердің жаңа тактикасын айтты

10 Қаңтар 2022, 14:18
3081
Бөлісу:
Сақалдарын қырып, киімдерін ауыстырып жатыр. Тоқаев лаңкестердің жаңа тактикасын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тығылған лаңкестерді анықтаудың жоспары өзгеріп жатыр. Олар сақалдарын қырып, қарапайым азаматтардың  киімін кию арқылы жаңа тактикаға көшіп жатыр.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында айтты. 

Ақпараттық вакуумды орнатуға болмайды. Әйтпесе, оны арандатушылар толтырады. Біздің жағдайда, өкінішке қарай, ол жалғасып жатыр. Біз билікпен бейбіт ашық диалогқа шыққан Қазақстан халқының құқығын қорғаймыз. Сондай-ақ біз жақында болған сияқты лаңкестік пен қару қолдануды жойып отырамыз. Біз мемлекеттік егемендік пен шекараның тұтастығына нұқсан келтіруге жол бермейміз. Қазақстан өзінің халықаралық міндеттерін қатаң жүзеге асырады, - деді ол.

Тоқаев атап өткендей, қазір Қазақстанда конституциялық тәртіп орнатылды. 

Халық қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсер ететін жағдайлар жойылды. Лаңкестікке қарсы операциясы аясында қылмысқа қатысқандарды анықтау жұргізіліп жатыр. Бүгінде полция органдарына 8 мыңға жуық адам жеткізілді. Құқық қорғау органдары мен арнайы жасақтар мородерлік пен лаңкестік, адам өлтіру деректері анықтап жатыр. 116 қару-жарақ тәркіленді. Операция жалғасып жатыр. Тығылған лаңкестерді аняқтаудың жоспары өзгеріп жатыр. Олар сақалдарын қырып, қарапайым азаматтардың  киімін кию арқылы жаңа тактикаға көшіп жатыр, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы