Сапархан Омаров: Тұқым да, тыңайтқыш та жеткілікті

26 Мамыр 2020, 09:32
1412
Бөлісу:
Сапархан Омаров: Тұқым да, тыңайтқыш та жеткілікті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көктемгі егіс жұмыстарын аяқтауға қажетті тұқым жеткілікті екенін айтты.

2020 жылдың астығына республика бойынша егіс науқанын жүргізу үшін 2,5 млн тонна тұқым дайындалды, бұл тұқымдық материалға деген қажеттілікті толық қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні барлық тұқымдар тексерілді, олар 100% кондицияға сәйкес келеді. Жоғары репродукциялы тұқым 99% құрайды, оның ішінде 1-2-сыныпты егіс стандартына 1,2 млн тонна кондициялық тұқымдар, 3-сыныбына 400 мың тонна сәйкес келеді – деді министр.

Сонымен қатар Сапархан Омаров Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарына осы бағыттағы жұмысты күшейту керектігін атап өтті.
Ауыл ашруашылығы даықлдарының өнімділігін жоғарылатуына әсер ететін факторлардың бірі - минералды тыңайтқыштарды ғылыми ұсыныстарға сәйкес енгізу болып табылады. Бірақ, өкінішке орай,  бүгінгі күні 2,5 млн тонна қажеттілік кезінде республикада шамамен 500 мың тонна минералдық тыңайтқыштар енгізіледі. Тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту мақсатында 2020 жылы 26,2 млрд. теңге сомасында субсидия қарастырылған, бұл ретте ағымдағы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 23,3 млрд.теңгеге қоса 2,8 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінді, бұл шамамен 522 мың тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 120 мың тоннаға артық – деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 395 мың тонна тыңайтқыш (жоспардың 76%-ы) жеткізілді, өңірлердегі сақтау қоймаларында қосымша шамамен 31,8 мың тонна тыңайтқыш бар.
Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасатын болады. Тыңайтқыштарды енгізудің жоспарға сай серпіні Қызылорда облысында байқалады, онда енгізілетін минералды тыңайтқыштардың көлемі ғылыми негізделген норманың 93%-н, Солтүстік Қазақстанда  36%-ды және Түркістан облысында 27% құрайды. Басқа облыстарды тыңайтқыш қолданудың төмен деңгейі байқалады, осыған байланысты барлық облыс әкімдіктеріне осы жағдайға ерекше көңіл бөлуді және жоғары өнім алу үшін тыңайтқыштарды сатып алу көлемін арттыруды ұсынамыз – дейді Сапархан Омаров.

2018 жылы тыңайтқыштарға субсидия алу үшін агрохимиялық картограммалардың болуы туралы талап енгізілген болатын.
Шаруалардың өтініштері ескеріліп, бұл талап 2021 жылға дейін кейінге қалдырылды. Біз шаруалардың дайындалуы үшін және топырақтың нақты агрохимиялық жай-күйін ескере отырып тыңайтқыштар қажет болған жерде ғана енгізілуі үшін уақыт (2 жыл) бердік. Осы уақыт ішінде топыраққа агрохимиялық талдау жүргізу бойынша қызмет көрсететін, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтары бар жаңа аккредиттелген зертханалар ашылды. Зерттеу жүргізу үшін уақыт жеткілікті болды, осыған байланысты облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында 2021 жылы және одан кейінгі жылдары субсидия алу үшін топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау қажеттігі туралы тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет – деді ол.


Өзгелердің жаңалығы