Бас жаңалықтар
Бір айда дайын болады. Сапархан Омаров маңызды құжат бекітілетінін айтты
06 Қазан 2020, 17:14 1253

Бір айда дайын болады. Сапархан Омаров маңызды құжат бекітілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі нарықты негізгі тамақ өнімдерімен толықтай қамтитын бағдарлама құжаттың жоспары бір айда дайын болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында біздің министрліктің алдына бірқатар міндет қойды. Оларды шешу агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жаңа серпін береді. Бірінші кезекте бұл келесі бесжылдыққа арналған «АӨК дамыту жөніндегі» жаңа ұлттық жобаны әзірлеу. Оның негізгі міндеті – ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамту. Бұл мәселе бойынша 2023 жылдың соңына қарай ішкі нарықты негізгі тамақ өнімдерімен толықтай толықтыруға мүмкіндік беретін негізгі тәсілдемелер айқындалғанын атап өткім келеді, - дейді Сапархан Омаров. 

Бұл құжатты дайындауға FAO беделді халықаралық ұйымы тартылған. Бағдарлама осы жылдың желтоқсан айында тұжырымдама түрінде жасалады екен. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына «Атамекен» ҰКП, фермерлердің салалық қауымдастықтары мен одақтары, аграрлық ғылым өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары кірген.

Кешенді жоспардың көмегімен ауылдардағы 1 млн тұрғынның табысын, сондай-ақ еңбек өнімділігін 2,5 есе арттырып, өңделген агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын 2 есеге ұлғайту көзделген. АӨК дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі құжатының жобасын әзірлегеннен кейін жұмыс тобының құрамы кеңейтіліп, кеңінен талқылау жүргізілетін болады. Құжаттың басты мақсаттарының бірі ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы міндет шеңберінде ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толықтыру бойынша «Кешенді жоспар» жобасын әзірледі. Енді кешенді жоспардың жобасы бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, Үкіметке бекітуге енгізіледі, - дейді министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...