Бас жаңалықтар
Сапарбаев жылыжай кешенінде өнім түрлерін кеңейтуді тапсырды
PHOTO
07 Маусым 2020, 10:33 203

Сапарбаев жылыжай кешенінде өнім түрлерін кеңейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Меркі ауданында дәстүрлі "Егінжай күні" семинар-кеңесі өтті.

Оның барысында қатысушылар бірқатар агроқұрылымдарының жұмысымен танысып, ауылшаруашылық өнімдері мен арнайы техникалар көрмесін аралап, саладағы өзекті мәселелерді саралады.

Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен басқармаларының төрағалары, аудан әкімдері, обыстың барлық аймағынан келген шаруа қожалық жетекшілері, сондай-ақ  ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қатысты.

Жиналғандар алдымен жеке кәсіпкер Ахан Сарсембиевке тиесілі, 35 гектар аумақты алып жатқан "Аспара-Хан" жылыжай кешенінің қызметімен танысты. Жылыжай иесі биыл 80 тонна қызанақ жинауды жоспарлап отырғанын айтты. Ол өнімді мамыр айының ортасынан жинай бастаған.

Жылыжай 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жаңа технологияларды еңгізіп, жылыжайды кеңейтсем деген жоспарым бар. Мен қызанақты алғаш рет өсіріп отырмын, қияр жылда ойдағыдай өнім береді. Өнімді Меркі ауданының базарларына шығарамын, - деді А.Сәрсембиев.
КАНТ.jpeg

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жылыжай кешенінің жұмысына оң бағасын беріп,  өнім түрлерін кеңейтуді, таңқурай мен құлпынай өсіруді де қолға алу туралы ұсынысын жеткізді.

Бұл жылыжайда құлпынай өсіру үшін барлық жағдай жасалған. Қажетті коммуникациялар жүргізілген. Бүгінде ішкі нарықта жергілікті құлпынайдың тапшылығы туындап отыр. Өзбекстаннан әкелінген жидектер сатылуда. Олардың бағасы да, дәмі де көңілден шықпайды, - деді Б.Сапарбаев.
"Смарт Агро каркара" ЖШС қант қызылшасын, жүгері және бидай өсірумен айналысуда. Алайда су үнемдейтін технологиялар тек 54 гектардағы қант қызылшасына ғана қолданылып отыр. Соңғы жылдары серіктестік сумен қамтамасыз етуде күрделі мәселелерді бастан кешуде. Мұнда су келетін үш канал да тазалауды және қайта қалпына келтіруді қажет етеді. Соның салдарынан бүгінде ол каналдар арқылы жалпы қажетті ылғалдың 70 пайызы ғана келуде. Шаруалар маусымның аптап ыстығында егін суарылмай қала ма деп алаңдайды.

КАНТ1.jpeg

Облыс әкімі осыдан екі жыл бұрын құрылған мехотрядқа осы мәселені шешу бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарындағы су желілері мен арналарын тазалау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасы мен бөлімдерінің басшыларына су үнемдеуші технологияларды қолдана отырып суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, сонымен қатар техниканы жаңарту көрсеткіштерін 10 пайызға жеткізу, жылыжай өндірісін дамыту, минералды тыңайтқыштарды кеңінен енгізу және жоғары өнімді сапалы тұқымдарды қолдану, ауыл шаруашылығы саласында ғылым мен инновацияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, нақты тапсыралар жүктеді.





Фото: дереккөз
Загрузка...