Бас жаңалықтар
Сапарбаев "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының қарқыны төмендеп кеткенін айтты
PHOTO
27 Қаңтар 2020, 12:49 100

Сапарбаев "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының қарқыны төмендеп кеткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бүгінгі алқа отырысында "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының орындалуы күн тәртібінде тұрған тақырыптардың бірі болды. Жиында ҚР премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ұлт көшбасшысы – Елбасы жариялаған "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын іске асыру қарқыны төмендеп кеткенін айтты. 

Өздеріңіз білесіздер, осыдан үш жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жариялағанда ең негізгі мақсаттарының бірі – бұл өзіміздің халқымызға тән, әдет-ғұрыпымызды, мәдениетімізді, салтымызды дәріптеу арқылы халықтың бірлігін дамытуға үлкен көңіл бөлді. Бұл бағдарламаның қалай орындалғанын өздеріңіз күнделікті өмірден білесіздер. Шынын айту керек, үлкен жұмыстар жасалды. Бірақ, кейінгі кезде шындығын айту керек, осы бағдарламаның қарқыны төмендеп кеткен сияқты. Әсіресе, мынау басқа министрліктердің, өңірлердің, қоғамдық ұйымдардың осы бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуы, - деп мәлімдеді вице-премьер Бердібек Сапарбаев. 
сапа1.jpeg

Үкімет басшысының орынбасары бұл бағдарламаға жасына қарамай халықтың барлығы қатысуы керек екенін және сонда ғана өзінің мақсатын толығымен орындайтын жеткізді. 

Бұл орайда, Бердібек Сапарбаев "Туған жер" бағдарламасын айрықша атап өтті. 
Жастарды, елден шыққанды азаматтарды өзінің Отанын сүюге тәрбиелеу, олардың патриоттық сезімін әрі қарай арттыруда "Туған жер" бағдарламасының алар орны зор. Екі жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы "Ауылым- алтын бесігім" акциясын бастаған болатын. Қазір үкіметпен жалғасын табуда, - деп атап өтті. 
сапа2.jpeg

Сөзді қорытындылай келе, вице-премьер халықтың арасында жақсы көзқарас, пікір қалыптастыруда азаматтық қоғамның рөлі бөлек екеніне назар аударды.




Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...