Сапарбаев Паралимпиада жаттығу орталығының жұмысымен танысты

13 Қараша 2019, 12:10
1850
Бөлісу:
Сапарбаев Паралимпиада жаттығу орталығының жұмысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада Паралимпиада жаттығу орталығына барды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев қонақтарды еліміздегі паралимпиадалық қозғалыстың қызметімен және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бұқаралық спорттың дамуымен таныстырды.

Қайрат Боранбаев паралимпиадалық қозғалысты дамытуда мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын, сондай-ақ ПЖО мысалына сүйене отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы сәтті ынтымақтастықты атап өтті.

fedl4537-novyy-razmer.jpg

Орталыққа ай сайын 4500-ден астам адам келеді, жаттығулар 16 спорт түрі бойынша өткізіледі, түрлі іс-шаралар өткізіледі, солардың ішінде атап өтерлігі – 1-2 қараша күндері елордада өткен алғашқы балалар паралимпиясының ойындары. Оған 220-дан астам бала қатысты.

Алтай Көлгінов келесі жылдан бастап әкімдіктің жүйелі негізде балалардың паралимпиядалық жарыстарын өткізуге қолдау көрсететінін атап өтті. 

Вице-премьер аталған бастаманы қолдап, Білім және ғылым министрлігіне Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, республикалық деңгейде Балалар паралимпиясының ойындарын ұйымдастыру мәселесін қарауды тапсырды. 

Ол спорттың мүгедектерді оңалтудың маңызды құралдарының бірі екенін атап айтты, сондықтан мұндай жаттығу орталықтарын еліміздің басқа өңірлерінде де ашу қажет. 

Біреулер үшін спорт –  бұл өзінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, денсаулығын жақсарту жолы, ал енді бірлеу үшін - кәсіби спорт шеберлігін игеру мүмкіндігі. Біздің міндетіміз – спортты барлық азаматтар үшін, оның ішінде мүгедек жандар үшін де қолжетімді ету, - деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары спортшылармен сөйлесіп, алдағы Токиода өтетін ойындарда оларға жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тіледі. 

fedl4518-novyy-razmer.jpg

Орталық директоры Шыңғыс Темірханов осы жылы қараша айында іске қосылған жаңа ақпараттық жүйе туралы айтып берді. 

Оның айтуынша, автоматтандырылған процеске көшу жаттығу орталығының жұмысына сапалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Әрбір келушінің халықаралық аурулар тізілімі жүйесімен жарақталған картасы бар. Осы картада жеке анализіне сәйкес спорт залдарына рұқсаты мен жазбалары сақталған. 

fedl4552-novyy-razmer.jpg

Сапар аясында спорттық ойын түрлерімен айналысуға арналған манеж жобалары (зағип жандар футболы, арбада отырып рэгби ойнау, голбол, пара атлетиканың бірнеше дисциплинасы), сондай-ақ арбада отырып кёрлинг ойнауға арналған ареналар таныстырылды. Бұл жобалар мүгедек адамдардың арасында спортпен айналысу деңгейін біршама арттырып, ұлттық құрамалар үшін оқу-жаттығу құрамалары мен халықаралық турнирлер өткізуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы