Сапарбаев «ОтарБиоФарм» зауытының өндірістік цехының құрылысымен танысты

30 Қазан 2021, 17:00
18454
Бөлісу:
Сапарбаев  «ОтарБиоФарм» зауытының өндірістік цехының құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Қорай ауданындағы жұмыс сапары Гвардейск қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты жанындағы «ОтарБиоФарм» зауытының өндірістік цехының құрылысымен танысудан басталды.

Отандық ғалымдар індеттің алдын алу үшін Қордай ауданының Гвардейский кентінде орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында өз вакцинамызды жасап, сынақтардан сәтті өткізуде.

Зауыт құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қысқа мерзімде салынды.  Кәсіпорында әлемдік стандарттар бойынша иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде коронавирустық инфекцияға, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар шығарылуда. Жылдық өндіріс көлемі 30-60 миллион доза биологиялық өнімді құрайды.

Сапарбаев  «ОтарБиоФарм» зауытының өндірістік цехының құрылысымен танысты

 Бұл биофармацевтикалық зауыттың республикамызда баламасы жоқ.

 Негізінен зауыт Италия, Қытай, Германия, АҚШ, Ресей мен Голландия мемлекеттерінен жеткізілген құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Бұл зауыттың бірінші кезенің жүзеге асыру үшін 7 миллиард теңге қаралған. Оның құрылыс жұмыстарын «КА – Строй ЛТД» ЖШС жүргізген.

Жалпы ғылыми-зерттеу институтында дайындалған вакцина Тараз бен Алматы қалаларындағы емдеу орталықтарында сынақтан өтіп, еліміздің барлық өңіріне таратылған. Біздің вакцинаға шет мемлекеттерден де тапсырыстар түсуде.

Сапарбаев  «ОтарБиоФарм» зауытының өндірістік цехының құрылысымен танысты

Мұндай қысқа мерзімде зауыт салу бізде ғана мүмкін болып отыр. Əйтпесе шетелде мұндай ғимаратты екі-үш жылда салады. Осы жобаны Жамбыл облысында жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Президентке, облыс əкіміне алғысымыз шексіз. Зауыт соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен, құрал-жабдықтармен қамтылған. Біз əлемге Қазақстан ғалымдарының да қолынан жаңалық ашу келетінін  көрсеттік, –дейді Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарья.

Бұдан кейін аймақ басшысы жаңа оқу жылында пайдалануға берілген Масаншы ауылындағы 600 орындық №50 орта мектепке де арнайы ат басын бұрды. Аталған білім ошағының құрылысын «Таразстрой-2004» ЖШС жүргізген. Бүгінде онда 794 бала білім алуда. 

Бердібек Сапарбаев өткен жылғы Қордай оқиғасы кезінде зардап шегіп, қайта қалпына келтірілген Исмар Лутур мен  Юсуф Паровтың тұрғын үйлерін көрді. 

Бүгінде үйіміз толығымен қайта қалпына келтірілді. Шатыры жабылып, ішкі əрлеу жұмыстары аяқталды. Енді сырты ғана қалып тұр. Биыл ауылымызға газ кіріп, үйіміз жылып қалды. Баспанамызды қалпына келтіруге көмектескен баршаға алғысымыз шексіз, - дейді Ю.Паров.

Сапарбаев  «ОтарБиоФарм» зауытының өндірістік цехының құрылысымен танысты

Сонымен қатар облыс əкімі жеке кәсіпкер Рахим Сибоның «ЖК Сибо» киім дүкені және шаштаразымен де танысты. Ол 4 адамды жұмыспен қамтыған. Жұмысшыларының орташа жалақысы 100 мың теңгені құрайды. Оның қираған нысанын қалпына келтіруге 7,7миллион теңге жұмысалыпты.  Кəсіпкер дүкендегі нан жəне сүт өнімдеріне, басқа да азық-түлік тауарларына бар болғаны 5-7 пайыз үстеме қосып, өткеріп отырғанын жасырмады.

Жеке кәсіпкер Джэмаль Арлидің шаруашылық және азық-түлік дүкенін қалпына келтірілген.

Сапар соңында аймақ басшысы Сортөбе ауылындағы 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің жай-күйіне қанықты. Қордай ауданының əкімі Мəден Мұсаев бұл 20 пәтер əртүрлі санаттағы азаматтарға берілгенін айтты.

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев осындай тұрғын үйлерді кəсіпкерлердің көмегімен көптеп салып, пəтер кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтуды үйлестіруді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы