Сапарбаев қаза тапқан әскери прокурордың отбасына көңіл айтты

4 Қыркүйек 2021, 19:05
3445
Бөлісу:
Сапарбаев қаза тапқан әскери прокурордың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровпен бірге Байзақ ауданында жарылыс салдарынан қаза тапқан Оңтүстік округтің әскери прокуроры Арман Қапезовтың отбасына барды.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бердібек Сапарбаев марқұмның туған-тыстарына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты.
Сапарбаев қаза тапқан әскери прокурордың отбасына көңіл айтты

Аймақ басшысы Арман Қапезов қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқанын және сол ерлігі лайықты бағаланып, оның отбасына мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Еске салсақ, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шығып, артынша жойқын жарылыс болды. Салдарынан 100-ге тарта адам зардап шегіп, бірнеше қызметкер қаза болды. 


Өзгелердің жаңалығы