Бас жаңалықтар
Сапарбаев кәсіпкерлерден көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге көмектесуді сұрады
09 Сәуiр 2019, 10:19 554

Сапарбаев кәсіпкерлерден көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге көмектесуді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін шешуде кәсіпорын басшылары мен кәсіпкерлерді тарту қажет екенін айтты. 

«Елбасы 2008 жылы Жезқазғанда өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі форумда барлық кәсіпорын мен кәсіпкерлік құрылымдарға тапсырма берді. Олар біздің экономикалық қана емес, әлеуметтік әріптестеріміз. Қазіргі таңда мемлекеттен үлкен қолдау көреді. Мемлекеттің арқасында кәсібін дамытып отыр. Сондықтан олар кейбір қазіргі таңдағы мемлекетімізде бар әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу керек. Бір жағынан олар үшін де бұл – үлкен абырой, бедел. Келешекте өздерінің кәсіптерін дамытуға үлкен көмек көрсетеді», - деп айтты министр.

Сапарбаев жергілікті билікпен бірге осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Үкімет мүшелері өздері аралаған өңірлерде кәсіпорын басшыларымен кездескенін айтты. 

«Оларға өтінішімізді айтып, біздің ұсыныстарымыз олардың тарапынан қолдау тауып жатыр. Барлық жерде 11 түрлі осындай аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмек беріледі. Осы өткен екі айдың өзінде оларға 3 млрд теңгеге жуық көмек көрсетілді», - деп айтты ол.

Министр жыл соңына дейін көпбалалы отбасыларға арнап 12 мың баспана берілетінін айтқан болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық