Сапарбаев еліміз бойынша қанша балаға АӘК төленетінін айтты

28 Қаңтар 2020, 12:16
1614
Бөлісу:
Сапарбаев еліміз бойынша қанша балаға АӘК төленетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға жауапты Үкімет мүшелеріне әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың жәрдемақысын өзекті мәселе етіп қойған болатын. Бұл орайда премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қолға алынған іс-шаралар жоспары туралы баяндады.

Айтуынша, биыл кем дегенде 200 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы берілген тапсырмалары қалбылданған іс-шараларға сәйкес жүргізіледі. Ең бірінші, атаулы әлеуметтік көмек мұқтаж, ең кем дегенде, 200 мың отбасыға, 600 мың балаға төленетін  болады. Міндет – осы жылы ең кем дегенде 350 отбасын жұмыспен қамтамасыз ету. Келесі міндетті сақтандыру енгізу бойынша өзектендіру, есепке алу, тұрғындардың мәртебесін анықтау жұмыстары жалғасады. Барлық өңірде құрылған жұмысшы топтары, штабтар осы жұмыспен айналысатын болады. Кеше сіздің берген тапсырмаңызға сәйкес барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары және басқарма басшыларымен осы жөнінде селектрлік мәжіліс өтті. Онда тағы да тапсырма берілді. Әсіресе, басым тапсырма – түсіндіру, дер кезінде мәлімет, ақпарат беру. Келесі берілген тапсырма – зейнетақы жүйесін реформалау. Бұл тапсырмаға сәйкес 24 қаңтар күні жұмыс тобының отырысы болды. Онда жол картасын қабылдау жөнінде тапсырма берілді, - деді Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кезекті отырысында.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау аясында орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеу қажеттігін айтқан болатын.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздегі кәсіпкерлік пен бизнеске қолдау көрсету мақсатында 2020 жылы қолға алынатын іс-шаралар аясында "Бизнеске арналған үкімет " бірыңғай терезесі құрылатынын баяндады. Сонымен қатар, 1 шілдеге дейін зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша шешімдер әзірленетінін мәлімдеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жаңаратынын және қаржы технологиялары арналған тиісті тұжырымдама әзірленетінін айтқан болатын.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр 1,1 трлн теңгеден астам сомаға 160 жобаны пайдалануға беру жоспарланғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы