Сапарбаев дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты кеңес өткізді

2 Шілде 2020, 20:53
1108
Бөлісу:
Сапарбаев дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты кеңес өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдықтар жедел жәрдем мен медициналық мекемелердің жұмысының нашарлығына, ауруханалардағы төсек-орындары мен дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне қатысты жиі шағымдануда.


Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бас дәрігерлермен, дәріхана желілерінің өкілдерімен және  дистрибьюторлармен кездесу өткізді, деп хаьарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Онда қалыптасып отырған жағдайдың себебі мен  қордаланған мәселелердің шешу жолдары сараланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, провизорлық стационарлардағы төсек қорының толтырылуы шамамен 50%-ды құрайды.
Дәрігерлер аз болғандықтан, науқастарды қабылдауға уақыттары жетпеуде, - дейді М.Жұманқұлов.

Бердібек Сапарбаев қабылдау бөліміндегі дәрігерлер санын көбейтуді тапсырды.
Адамдар ауруханаға келіп, қабылдау бөлімінде бірнеше сағат кезек күтіп отырады. Науқастарға барлық қолайлы жағдай жасаудың орнына ауруханалар одан әрі нашарлатады. Жағдайды тез арада түзету қажет, - деді Бердібек Сапарбаев. 

Тұрғындар ауруханаға жатқызылғаннан кейін де қажетінше емдеу шараларын ала алмайтындықтарына, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне шағымдануда.

"СК-Фармация" ЖШС өкілдігінің басшысы Айжан Тортаеваның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың көбеюіне байланысты жуырда 25,3 миллион теңгеге шұғыл дәрі-дәрмектер  жеткізілді. Ол медициналық ұйымдардың өтініші бойынша дәрі-дәрмектерді жеткізуді жалғастыра беретінін айтты. Бұл мәселені бақылауда ұстау Марат Жұманқұловқа  тапсырылды.

Дәрігерлер науқастармен ғана емес, сонымен бірге олардың туыстарымен де байланыс орната алмайды. Туыстары дәрігерлерден науқастардың жағдайы туралы ақпарат алмайтынын айтады. Бұл тұрғыдағы шағым уақытша провизорлық стационар болып жабдықталған  облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлеріне үстінен түскен. 
Аурухананың бас дәрігері Азат Сәтжанов кемшіліктер бойынша жұмыстар атқарылғанын, дәрігерлермен түсіндірулер жүргізілгенін жеткізді. Қазіргі уақытта ауруханада операциялық орталық бар. Қазіргі уақытта ауруханада жедел орталық жұмыс істейді.
Бас дәрігерлер кабинетте тығылып отырмай, шығып, адамдарға қазіргі жағдайды түсіндіруі керек. Сонымен қатар, қиын жағдайлардағы азаматтардың денсаулығын сақтау үшін  шұғыл нақты шаралар қабылдауы тиіс, - деді аймақ басшысы.

Тағы бір өзекті мәселе ретінде жедел жәрдемді күту уақытының бірнеше сағатқа созылатындығы айтылды. Облыстық  медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігерінің м.а. Ұлпан Пыхыбаеваның айтуынша, диспетчерлік қызметтің жүктемесі екі есеге артқан.
Науқас жедел жәрдем қызметін бірнеше сағат күтетін болса, онда  кедергісіз медициналық көмек туралы сөз айтудың өзі артық шығар. Жедел жәрдем бригадаларының санын көбейту және олардың жұмысын жүйелеу қажет, - деп тапсырма берді Бердібек Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы