Сапарбаев Байзақ ауданының қазіргі жағдайы туралы айтып берді

7 Желтоқсан 2021, 13:59
1114
Бөлісу:
Сапарбаев  Байзақ ауданының қазіргі жағдайы туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше ай бұрын Жамбыл облысының Байзақ ауданында төтенше жағдай болып, өңір тұрғындары зардап шеккен болатын. Сондай жерлердің бірі - Қайнар ауылы.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндап берді.

Зақым келген 176 нысанның бәрі қалпына келтірілді. Күрделі жөндеуді қажет ететін 37 объекті болған. Қазір қалғаны тек бір мектеп қана. Жібек Жолы ауылында мектеп салынып жатыр. Үкіметтің резервінен қаржы бөлінді. Нақтырақ айтсақ, 750 млн теңге. Бұйырса, қаңтар айында мектептегі құрлыс жұмыстары аяқталады. Одан бөлек зақым келген екі мектептің құрлысы дер кезінде жөнделді. Сондай-ақ 36 үй толығымен қамтамыз етілді, - деді Жамбыл облысының әкімі.

Оның айтуынша, бұрын Қайнар ауылында газ бен су болмаған. Қазір елді мекенде барлық жағдай жасалған.

Қайнар ауылындағы үйлер толығымен қора-қопсылары, сарайыда бәрі жөнделді. Онымен қоса үш көшеге асфальт төселінді. Сонымен қатар көшелеріне жарық орнатылды. «Сенім-Байзақ» қоры құрылған болатын. Қорға 82 млн теңгедей қаржы түсті. Соның есебінен жөндеу жұмыстарын жүргіздік, - деп атап өтті Сапарбаев.


Өзгелердің жаңалығы