Бас жаңалықтар
Сапалы құрылған тәуекелдерді басқару дағдарыстың алдын алады – "Самұрық Қазына"
13 Тамыз 2020, 15:11 119

Сапалы құрылған тәуекелдерді басқару дағдарыстың алдын алады – "Самұрық Қазына"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ тиімді құрылған тәуекелдер менеджментінің арқасында пандемия кезінде бизнес пен экономикадағы жағдайларға дайын болып, дағдарыстың тигізетін жағымсыз салдарларын азайтып отыр. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында Қордың құқықтық сүймелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченко мәлім етті.

Кравченко атап өткендей, пандемия кезінде "Самұрық-Қазына" қор ішіндегі тәуекелдерді хеджерлеу (араластыру) амалына сүйене отырып, зардап шеккен салаларға көмек береді.

Біз тәуекелдерді басқару жүйесіне көп назар саламыз. Тәуекелдерді басқару менеджментін жақсы ізге қою арқылы бизнес пен экономикадағы жағымсыз жағдайларға алдын ала дайындалуға, олардың салдарын жұмсартуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз, - деген Кравченко Қордың назарындағы ең маңызды тәуекелдер санын атады.
Қазір директорлар кеңесі мен қордың басқаушыларының назарында 26 тәуекел бар. Оның 11-іне аса назар аударып отырмыз. Осы 11 тәуекелдің арасында пандемияның жалғасу тәуекелі, коммерциялық, әлеуметтік және нарықтық тәуекелдер бар. Әрине, осының арасындағы ең қиын тәуекел - пандемияның жалғасуы, - деп атап өтті Кравченко.

Сондай-ақ, 1елдегі карантин отандық бизнеске тікелей де, жанама да әсерін тигізіп жатқанына қарамастан, қашықтан жұмыс істеу жағдайында қорға қарасты жекелеген компаниялардың тауарлары мен қызметтеріне деген сұраныстың төмендеуіне қарамастан1 Қордың компаниялар тобы бұл кезеңде жұмысын тоқтатқан жоқ деп мәлім етті ол.

Бұл бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Осы тәуекелдерге қарамастан, биыл біз жалғыз акционеріміз Үкіметке рекордты көлемдегі дивидент төлейміз, шамамен 120 млрд теңге. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10 есе жоғары, - дейді ол.

Жалпы, тәуекелді басқару менеджментінің оң нәтижесі туралы айтқан басқарушы директор бірінші жартыжылдықта қорға қарасты компаниялардың қаржылай көрсеткіші әуел бастағы жоспардан әлдеқайда жақсы болғанын атады. Жыл соңына дейін Қордың шоғырландырылған таза табысы 421 млрд теңгеге жетіп, күтілген нәтижеден 1,5 есе көп болады деген болжам бар.

Бірақ, тәуекелдің осындай жақсы сценраийнің өзінде біз үшін бірнеше басты тәуекел қалады. Мысалы, баға тәуекелі, тауарлар мен қызметтердің бағасы түседі деген тәуекелдер бар. Баға тәуекелі дегеніміз, әрине, ең бірінші мұнай бағасы туралы айтып отырмыз. Мұнай бағасының өзгеруі көптеген тәуекелдің өзгеруіне әкеп соғады. Сарапшылар қазір оның бағасы өсіп келе жатқанын айтқанмен, біз бұл тәуекелді күн тәртібінен түсірмейміз, - деп атап өтті Кравченко.
Қор ең алдымен пандемия және мұнай бағасы ұлттық валютаға ықпал ететінін болжап, қорға қарасты компаниялардың шетелдік валютадағы қарыздарын өз валютамызға ауыстырған. Мәселен, жуырда, "Қазақстан Темір Жолы" компаниясы осындай әдіс қолдана отырып, валюталық қарызын 217 млн долларға азайтқан. Екібастұз жылу электр станциясы-2 мен Эйр Астана компаниялары сыртқы қарыздарын түгелдей ұлттық валютаға ауыстырған.
Осы арқылы курс айырмашылынан орын алатын миллиардтаған шығындардың алдын алдық, - дейді Кравченко.

"Самұрық-Қазына" қоры әртараптандырылған активтер портфеліне ие. 

Бұл қолайсыз дағдарыс жағдайларының өзінде тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, электр энергиясына тұрақты сұранысы бар "Самұрық-Энерго" АҚ, Интернетке және басқа да онлайн сервистерге қол жеткізу бойынша қызметтерге сұраныстың артуы кезінде "Қазақтелеком" АҚ, уран бағасының оң өсу серпіні бар кезінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰК" АҚ сияқты компанияларды мысалға алуға болады, -деп түйіндеді сөзін ол.





Фото: дереккөз
Загрузка...