Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

6 Мамыр 2022, 09:52
1947
Бөлісу:
Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

Шараға сондай-ақ қала басшылығының өкілдері, жергілікті «Атамекен» қазақ мәдениеті қоғамының мүшелері, Солтүстік астана тұрғындары мен қонақтары қатысты.  

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

Әлия Молдағұлованың ескерткіші 2019 жылы ашылған және Санкт-Петербургтің Красногвардейский ауданындағы №5 үйдің батысындағы қалалық гүлзарлардың бірінде орналасқан. Биіктігі 3 метр қоладан жасалған мүсіндік композиция қызғылт гранит тұғырына орнатылды. 

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

Биіктігі 3 метр қоладан жасалған мүсіндік композиция қызғылт гранит тұғырға орнатылған.  

Ескерткіш Санкт-Петербург қаласы Үкіметінің, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің, Ақтөбе және Атырау облыстары әкімдіктерінің ортақ қолдауларының арқасында қойылды.

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

  

Шығармашылық жобаның авторы – белгілі қазақ мүсіншісі Едіге Рахмадиев. Оның айтуынша, Әлияның бейнесіне оның өмір бойы сақталған санаулы және ең жақсы фотосуреттерінің бірін алған. 

Өзгелердің жаңалығы