Санаққа қандай санаттар қатысады?

24 Тамыз 2021, 09:38
6860
Бөлісу:
Санаққа қандай санаттар қатысады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Үкімет отырысында айтты.

1 қыркүйектен бастап кезекті халық санағы басталады. Бүгінде барлық дайындық іс-шарасы өткізілді. Негізгі халық санағына дайындық ретінде пилоттық халық салық санағы жүргізілді. Санақтың әдіснамалық құралдары мен нормативтік құқықтық актілері бекітілді. Тұрғын үй, тұрғын үй емес үй жайларында тұратын халық санын есептеу жүргізілді,- деді ол.

Айдапкелов санақ екі тәсіл арқылы жүргзілетінін айтты.

Бірінші әдіс – sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында интернет-сауалнама жүргізу, ол виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттерге тұрған орнына қарамастан өздігінен санақтан өтуге және өзі, отбасы мүшелері үшін санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Екінші әдіс – дәстүрлі жаппай сауалнама ағымдағы жылғы 1-30 қазан аралығында интервьюерлермен электронды планшеттерді пайдалана отырып жүргізіледі. Санақ кезінде мәліметтерді жинау үшін сәйкестендіруші ақпарат ретінде сауалнама жүргізілетін тұлғаның ЖСН-і пайдаланылатын болады. Бұл мәліметтердің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Ол атағандай, халық санағын өткізу үшін 91 сұрақтан тұратын санақ парақтары әзірленді.

8 сұрақ бірге тұратын отбасы мүшелеріне қатысты болады; 8 сұрақ және 3 сұрақ – тұрғынүй жағдайы, 60 сұрақ жеке басына қатысты болады. Санаққа қатысатындар ішінде тұрақты тұрғындар, еліміздің азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар санақтан өтеді. Сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты шетелге жүрген біздің азаматтар, «Болашақ» бағдарламасы және студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша оқитын студенттер, шетелге демалысқа, емделуге немесе қонаққа кеткен туристер де санақтан өтеді. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген немесе пана іздеген қоныс аударушылар, сондай-ақ 12 айдан аз, уақытша елде жүрген шетелдіктер де санаққа алынады, - деді Айдапкелов.

Өзгелердің жаңалығы