«Самұрық-Қазына» жұмыскерлерінің жалақысы қанша пайызға көтерілді?
4 Мамыр, 11:34 561

«Самұрық-Қазына» жұмыскерлерінің жалақысы қанша пайызға көтерілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Самұрық-Қазына » АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев компания қызметкерлерінің жалақысын қанша пайызға көтергенін айтты.

2022 жылы Қор аз төленетін лауазымдарға назар аудара отырып, жұмысшылардың жалақысын көтерді. Өндіріс қызметкерлерінің жалақысы 239 мың адамның  жалақысы 5 пайыздан 48 пайызға дейін өсті, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол «Самұрық-Қазына» қорының қызметі пандемиядан кейін сенімді түрде қалпына келеді деп түсіндірді.

«Самұрық-Қазына» қорының таза табысы 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл жоспарланған көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. Негізгі себептер – мұнайдың әлемдік бағасының өсуі, сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, тасымалдау мен энергия тұтынудың өсуі.  Былтыр «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялар Республика бюджетіне 1,2 трлн теңге салық төледі. 2022 жылы «Самұрық-Қазына» қорының Қазақстан  үкіметіне дивидендтері екі есеге жуық өсіп, 170 миллиард теңгені құрайды, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...