Бас жаңалықтар
«Самұрық-Қазына» еріктілері елордалық ардагерлерге азық-түлік себеттерін тапсырды
01 Қазан 2021, 18:54 1517

«Самұрық-Қазына» еріктілері елордалық ардагерлерге азық-түлік себеттерін тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының еріктілері (SK Volunteer) елордада 40 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне барып қайтты. 

Еріктілер қарттарды құттықтап, азық-түлік себеттерін тапсырып, әңгімелерін тыңдап, жылы лебіздерін білдірді. 

Волонтерлер әрбір азық-түлік боксын жеткізу барысында барлық санитарлық қауіпсіздік шараcын сақтады. 

Мұндай акциялар қарт кісілер үшін ғана емес, ең алдымен, жастарға қажет. Өйткені біз осындай іс-шаралар барысында зейнеткерлермен, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан адамдармен тікелей тілдесуге мүмкіндік алдық. Біз тек көмек көрсетіп қана қоймай, аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесін, әңгімесін үлкен ынтамен тыңдадық. Біз дәл осы күні ардагерлерге құрмет көрсетеміз, - дейді еріктілердің бірі. 

Көмек алған ата-әжелеріміз «Самұрық-Қазынаның» барлық еріктісіне ризашылықтарын білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Еріктілер лигасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық мүдделі қызметкерін біріктіреді. Мына сайтта өтінім беру арқылы волонтер бола аласыз: http://volunteer.sknews.kz/

Қордың тобындағы еріктілер қозғалысы төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor – мұқтаждарға қамқорлық көрсету, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asyl mura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.


Фото: дереккөз
Загрузка...