Бас жаңалықтар
Samsung Apple секілді қуаттандырғыштан бас тартты
16 Қаңтар 2021, 12:30 199

Samsung Apple секілді қуаттандырғыштан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.kz. Samsung жаңа флагмандық смартфонды қуаттандырғышсыз шығаратын болады, деп жазды Lenta.ru. Шығарылым тұсаукесері компанияның YouTube-арнасынан көрсетілді.

Galaxy Unpacked іс-шарасы барысында, корпорация өкілдері Galaxy S21 сериялы аппараттары нарыққа қуаттау адаптерінсіз жеткізілетінін хабарлады. Бұл шешімді экологияға қамқорлық мақсатында деп түсіндірді. Осылайша, жаңа флагмандардың жиынтығына смартфоннан басқа, қуаттандыру сымы мен құжаттама кіреді.

Бұл туралы, өткен жылдың соңында Корей компаниясы тегін адаптерден бас тартады деген қауесет тараған болатын. Содан кейін журналистер Samsung әлеуметтік желілерінде Apple-ді мазақ ететін посттар жоғалып кеткеніне назар аударды. Онда, Galaxy смартфондарын пайдаланушыларында құрылғылар жиынтығы әрқашан толыққанды болатынын жазып отыратын.

2020 жылдың соңында Apple-ден кейін Xiaomi флагмандық смартфондары толық қуаттандырғышсыз шығарылды. Алайда компания Mi 11 презентациясынан кейін алғашқы сатып алушылар адаптерді тегін ала алды деген акция жариялаған болатын.

Айта кетсек, қазан айының ортасында iPhone 12 сериялы смартфондардың тұсаукесерінде Apple өз құрылғыларында қуаттандырғыш адаптер құлаққаптардан бас тартатынын айтқан. Бұл шешімді де  экологияға қамқорлық мақсатында деп түсіндірді.


Фото: дереккөз
Загрузка...