Samgau еріктілер ұйымы жаңа жоспарларымен таныстырды

27 Қаңтар 2020, 18:37
1937
Бөлісу:
Samgau еріктілер ұйымы жаңа жоспарларымен таныстырды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Samgau еріктілер ұйымының 2020 жылғы алғашқы кіріспе сабағы өтті. 

Бұл туралы университтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымның негізін қалаушы әрі жетекшілерінің бірі Әсет Айдос бүгінгі таңда қайырымдылық қызметін кеңінен таныту және насихаттау мақсатында қызмет етсек деген жастардан құрылған 60 еріктілер мүшесі бар екенін айтты. Олардың 20-сы қыз, 40 ер балалар екен. Сонымен қатар, ол былтырғы жылы жасалған жұмыстарға шолу жасап өтті. 

Сам__ау -27.01.20-06.JPG

Тұлғаның рухани дамуына жағдай жасап, жастарға игі істер атқаруға және еріктілер қозғалысын дамытуға ынталандыруды ниет еткен Samgau – жеке тұлғаның әлеуетін ашу, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мұқтаж адамдарға және елге көмектесу, қайырымдылық жобаларында діни компонентті көрсету мақсатында жұмыстар жасайды, - делінген хабарламада. 

Жиын барысында ұйымның негізгі бағыт-бағдары баяндалып, еріктілерді дамыту мақсатында атқарылатын жұмыстар талқыланды, сондай-ақ озық ойлы студенттер ұйым қатарына қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы