Самбодан әлем чемпионатында қарағандылықтар екі медаль жеңіп алды

20 Қараша 2019, 08:42
2033
Бөлісу:
Самбодан әлем чемпионатында қарағандылықтар екі медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтар самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ол Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында өтті. Спорттық додаға 80 елден 510 спортшы қатысты.

Қарағанды облысынан ұлттық құрама сапында 62 келі салмақ дәрежесінде Рахат Жаңаниет және 64 келі салмақ дәрежесінде Ажар Салықова өнер көрсетті.

Жеребе тастау қорытындысы бойынша Рахат Жаңаниет армяндық Максим Манукянмен және итальяндық Махаэль Расомен тартысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша қарағандылықтар үшінші орынға ие болды, - делінген хабарламада.

23 жасар Ажар Салықова бірінші жекпе-жекте Нидерландыдан келген Зоэ Клюндерді жеңді. Финалға шығу үшін тартыста қарағандылық спортшы Ресей спортшысы Екатерина Оноприенкоға есе жіберіп алды. Қола медаль үшін қорытынды тартыста Ажар украиндық Алена Сайконы жеңіп шықты.

Сондай-ақ, біздің спортшылар  халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына нормативтерді орындады. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы төрт күміс және бес қола медаль жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы