Бас жаңалықтар
"Самара-Шымкент" тасжолындағы апат салдарынан 4 адам қаза тапты 
23 Ақпан 2020, 14:08 263

"Самара-Шымкент" тасжолындағы апат салдарынан 4 адам қаза тапты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 ақпанда "Самара-Шымкент" тасжолының бойында көлік апаты болды. Салдарынан 4 адам мерт болды. 

Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды. 

Тасжолдың 915 километрінде "Камаз" жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Volkswagen Sharan маркалы көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Volkswagen Sharan көлігінің бір жолаушысы жарақат алып, қалған төртеуі оқиға орнында мерт болды.  

Бұл орайда, Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден жолдың ережесін қатаң қадағалауға шақырады.

Загрузка...