Самалдың туған жерінде "Айканың" тұсауы кесілді

13 Ақпан 2019, 20:54
2347
Бөлісу:
Самалдың туған жерінде "Айканың" тұсауы кесілді
PHOTO

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда «Айка» кинокартинасының тұсауы кесілді. Салтанатты шараға фильмнің режиссері Сергей Дворцевой мен басты рөлді ойнаған актриса, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Самал Еслямова қатысты.

Самалдың туған жерінде "Айканың" тұсауы кесілді

«Қазақстан» кинотеатрында өткен көрсетілімге халық көп жиналды. Залдың суықтығы да кедергі болған жоқ. Лық толды. Сонау Мәскеуден ат терлетіп, арнайы келген режиссер Сергей Дворцевойға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.  

Самалдың туған жерінде "Айканың" тұсауы кесілді

Көпшілік алдында сөз алған мейман «Менің қазақшам нашар, сондықтан орысша сөйлеуге рұқсат етсеңіздер»  деп көрерменнен кешірім сұрады. Құтты қонақ кино түсіруде кездескен кедергілер мен қызықты сәттер жайында естеліктерімен бөлісті.

Самалдың туған жерінде "Айканың" тұсауы кесілді

«Тюльпан» фильмін түсіру жоспарланғанда көмекшілерім Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, басты рөлге лайық актриса іздеді. Мен Самалды неге таңдағанымды да түсіндіре алмаймын. Кастингке қатысқан көп қыздардың видеожазбасын көріп, ол басты рөлге лайық екенін ұғындым. Себебі оның көзінде оты бар. Режиссерлік түйсігім мені алдамады. Самал Есләмова бүгінде халыақаралық деңгейдегі актриса. Көп режиссерлар онымен жұмыс істегісі келеді. Болашақта әріптестігіміз жалғасады деп ойлаймын. Халық жеңіл-желпі фильмдерден, арзан күлкіден жалықты. Егер өмірге салмақты дүние келмесе, адамзаттың рухы құлдырайды. Ғалымдар зерттеу жасай келе,  бүгінгі күні көпшілік салмақты әдебиетке, киноға, бір сөзбен айтқанда салиқалы шығармаларға мұқжтаж деген байламға келген. Сондықтан, біздің қоғамға осындай туындылар қажет», - деді кинорежиссер Сергей Дворцевой.

Самалдың туған жерінде "Айканың" тұсауы кесілді

Фильмде Айка есімді қырғыз қызының қилы тағдыры бейнеленеді. Жаңа босанған ана баласын перзентханада қалдырып, қашып кетеді. Өзі үлкен қаланың сергелдеңінде талай қиындықарды басынан кешіреді. Ресжиссердің айтуынша кино сценарийіне шынайы өмір арқау болған.  Жыл сайын жүздеген қырғыз қызы өз балаларын тастап кететінін естіген Сергей Дворцевой, осы тақырыпта кино түсіруге бекінген. Самал Есләмова да, режиссер де фильмнің осыншалықты нәтижелі болатындығын күтпегенін айтады.

Самалдың туған жерінде "Айканың" тұсауы кесілді

«Айка» - мені еңбекқорлыққа үйретті. Ештеңе адамға оңай берілмейді. Соны ұқтым. Кино – нағыз өнер. Табысқа жету үшін сен бар жан-тәніңді, уақытыңды соған арнауың керек. 6 жыл бойы түсіру оңай болған жоқ. Түсірілімді аяқтамай ешқандай жаңа іс бастай алмадым. Тек алға жүру керек болды.  Петропавлға келіп қуанып жатырмын. Бүгінгі көрсетілімнің мен үшін орны бөлек. Себібі көрермендердің қатарында менің ата-анам, туған-туыстарым мен достарым бар», - деді актриса Самал Еслямова.

Самалдың туған жерінде "Айканың" тұсауы кесілді

«Айка» фильмі ақпанның 14-інен Қазақстан мен Ресей кинотеатрларында прокатқа шығады. Петропавлдағы алғашқы көрсетілімді көпшілік тапжылмай тамашалады. Басты кейіпкер Айка өз баласын тастап кетіп, айуанға тән қылық жасағанын ұғынады. Қателігін түзету үшін тағы да түрлі қиындықтарды басынан кешіреді. Фильм аяқталған соң халық актрисаны босатпады.  Фильмді тамашалауға келген көрермен Самалмен бірге суретке түсіп, қолтаңба алып, түрлі сұрақтарды жаудырды. Самал тағы бір көркем киноға түсуге дайындалып жүргенін тілге тиек етті. Енді ол қазақ қызының рөлін ойнамақ.

Эльмира Кәленова

Фото автор

Өзгелердің жаңалығы