Бас жаңалықтар
Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ - депутат
09 Шілде 2020, 14:46 162

Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ - депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Ольга Перепечина Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне қатысты пікір білдірді. 

Менің ойымша, қазір дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Мемлекет пандемиямен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатқанын түсінуіміз керек. Президент қазір үйде көмек көрсету үшін мобильді медбригадалар құрылатынын айтты. Қазір олардың саны 400-ді құраса, ол 3,5 мыңға жететінін айтты. Сонымен қатар, тек ауруханаларды ғана емес, сондай-ақ, дәріханаларды да дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр. Бастысы, тұрғындар жаппай сатып алуға көшпесе болды, - деді ол. 

Сенат депутаты дәрі-дәрмекті тіркеу процесі жеңілдетілгенін айтты.

КВИ-ді емдеу үшін вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді тіркеу және сертификаттау мерзімі қысқартылып, әкелу процедуралары жеңілдетілді. Дәріханаларда парацетамол мен антибиотиктер тапшылығы мәселесін шештік. COVID-19 диагнозы бойынша науқастарды қабылдау және емдеу үшін жаңа орындар дайындалып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін олардың саны 70 пайызға артты. Әскери дәрігерлер коронавируспен күреске белсенді араласып жатыр. Ауруды диагностикалау үшін қосымша ПТР сынама сатып алынады. Біз жағдайдың маңыздылығын түсініп, санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек. Біз дәл қазір коронавирустың одан әрі таралуына жол бермей, адамдардың өлімін тоқтату үшін бірігуіміз керек, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...