Салықтық міндеттемелер смартфон арқылы орындалатын болады

22 Маусым 2021, 17:52
1857
Бөлісу:
Салықтық міндеттемелер смартфон арқылы орындалатын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика Вице-министрі Азамат Амрин айтты.

Оның айтуынша, елімізде пандемияның салдарын азайту және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында жаңа салықтық өзгерістерді оныншы маусымда Сенат қабылдады.

Солардың бірі - арнайы мобильді қосымшаны қолданатын арнайы салық режимін енгізу. Осы шара жеке кәсіпкерді тіркеуді және қызметін тоқтатуды жеңілдетуге, салықтық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге бағытталған. Бұл режимді тек қана оңайтылған декларацияны пайдаланатын жеке кәсіпкерлер қолдана алады. Яғни, салықтық міндеттемелерді орындауды смартфон арқылы жүргізуге болады, - деді ол.

Спикердің айтуынша, өзгеріс 2022 жылдан бастап енгізіледі. Қазіргі кезде салық органдары осы қосымшаны әзірлеп жатыр.

Екінші мәселе, өздеріңіз білесіздер, былтыр да, осы жылы да жұмыс берушілер өз жұмыскерлерін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етті. Салық кодексі бойынша осы құралдар жұмыскерлерге табыс ретінде саналады, сондықтан салық мәселесі туындайды. Енді осы өзгерістер бойынша аталған табыстарға салық салынбайды, - деді ол

Өзгелердің жаңалығы