Салық рақымшылығы. Қазақстандықтар 2,5 миллиард теңгеге жуық салық қарызын төледі

9 Қазан 2020, 11:15
1476
Бөлісу:
Салық рақымшылығы. Қазақстандықтар  2,5 миллиард теңгеге жуық салық қарызын төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 190 мыңнан астам адам салық рақымшылығы мүмкіндіктерін пайдаланып үлгерді. Бұл борышкерлер санының 12,4%-ы. Бұл туралы МКК хабарлады. 

Олар 2,3 млрд теңге қарызын төледі, ал есептен шығарылған өсімпұл шамамен 287,7 млн теңгені құрап отыр. 

Салықтық рақымшылық шарасы басталған кезде 1,5 млн жеке тұлғаның жалпы қарызы 25,1 млрд теңгені құрады, оның ішінде негізгі қарыз 21,1 млрд теңгені, өсімпұл 4,0 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті. 

Салықтық рақымшылықты қолданған азаматтардың саны бойынша алда келе жатқан өңірлер үштігінде Алматы қаласы (39 679), Шымкент қаласы  (28 269) және Алматы облысы (19 662) бар.

Төмен белсенділік танытқандар қатарында Павлодар (5007), Ақмола (4 350) және Солтүстік Қазақстан (1 568) облыстары.

Қарызды өтеу көлемі бойынша көшбасшылар - Алматы қаласы (541 млн теңге), Алматы облысы (308 млн теңге) және Шымкент қаласы (245 млн теңге) тұрғындары. Ең аз өтелген қарыз көлемі Батыс Қазақстан (35,4 миллион теңге), Павлодар (22,7 миллион теңге) және Солтүстік Қазақстан (22 миллион теңге) облыстарында байқалып отыр. Есептен шығарылған өсімпұлдардың ең көп мөлшері Алматы (67,8 млн теңге) және Шымкент (42,8 млн теңге) қалаларына, сондай-ақ, Алматы облысына (29,3 млн теңге) тиесілі, - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, төменгі көрсеткіш Атырау (6 миллион теңге), Батыс Қазақстан (3,8 миллион теңге) және Солтүстік Қазақстан (2,8 миллион теңге) облыстарында. 

Өсімпұлды есептен шығарудың басты шарты - негізгі салық қарызын төлеу. Өсімпұлдар төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады. 

Айта кетейік, салықтық рақымшылықтың мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Өсімпұлдарды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады, - деп жазды комиитет.

Өзгелердің жаңалығы