Салтанат Рахымбекова Қазақстан Азаматтық альянсының президентi болып сайланды

24 Маусым 2020, 17:27
1508
Бөлісу:
Салтанат Рахымбекова Қазақстан Азаматтық альянсының президентi болып сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Азаматтық Альянсы Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кездесу онлайн режимінде өткен отырыстың қорытындысы бойынша Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекова Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Салтанат Рахымбекова 1965 жылы 18 ақпанда дүниеге келген. Жасыл экономика және экология саласындағы белгілі қоғам қайраткері, бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың - G-Global жасыл экономика және даму коалициясы, "EXPO&Women" халықаралық ұйымы, Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағының негізін қалаушы және жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның жасыл экономикаға өтуі жөніндегі Кеңестің мүшесі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

"Құрмет" орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасының бес мерейтойлық медалімен марапатталған.
Өзгелердің жаңалығы