Бас жаңалықтар
Сұлулық салондары мен спорт залдары жабылады
02 Шілде 2020, 13:39 203

Сұлулық салондары мен спорт залдары жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеден бастап екі апталық карантин жарияланды. Осы уақыт аралығында біраз мекеменің қызметіне шектеу қойылады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қандай шектеулер қабылдағанын айта кетейік.

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа) жұмыс істемейді. Сонымен бірге, діни нысандар және басқа (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) қызметі тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Одан бөлек, қаларалық автобустар жүрмейді. Ал қала ішінде қоғамдық көліктерге уақытша шектеу қойылады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...