Сәкен Бибосынов Түркістанда жаңа ашылған спорт кешенінің лентасын қиды

11 Қараша 2021, 12:42
771
Бөлісу:
Сәкен Бибосынов Түркістанда жаңа ашылған спорт кешенінің лентасын қиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәкен Бибосынов туған жерінде спорт кешенінің ашылу салтанатында лента қиды.

Қуанышты сәтке Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, меценат Данияр Абулғазин және жуырда ғана бокстан әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосынов арнайы қатысты.

Нысанның жалпы аумағы – 13 246 шаршы метр. Мұнда спорттың бірнеше түрінен халықаралық додаларды өткізуге мүмкіндік бар. 1000 адам сыятын әмбебап спорт залында шағын футбол, баскетбол, гандбол, волейбол, үстел теннисі және өзге де спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік жасалған. 9 жүзу жолағы бар, ұзындығы 50 метрлік бассейн де халық игілігіне берілді. Ашық аспан астындағы бассейннің қасында бір мезгілде 200 адам күнге қыздырынып, жарысты тамашалай алады.

Сонымен бірге ерлерге және әйелдерге арналған жалпы 170 орындық киім ауыстыру бөлмесі, мәжіліс залы және сапалы әрі кәсіби құрал-жабдықтармен жабдықталған жаттығу залы жұмыс істейді. Жүгіру жолақтары мен веложол, массаж бөлмесі, хамам, сауна және 40 орындық бар.

Өзгелердің жаңалығы