Бас жаңалықтар
Сәкен әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысады
17 Қыркүйек 2021, 21:51 503

Сәкен әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшылары Мәскеуде әскери қызметшілер арасында бокстан өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Жарыс халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен өтеді. Бүгінде бұл Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі екінші ұйым болып табылады. Оған 140-тан астам ел кіреді - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

Қазақстан Қарулы Күштері құрамасының атынан боксқа ОСК штаттық командасының спортшылары шығады. Олардың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері ефрейтор Сәкен Бибосынов, Дүниежүзілік әскери ойындардың (CISM) екі дүркін жеңімпазы, Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) екі дүркін чемпионы, 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Асланбек Шымбергенов, 2019 жылғы Дүниежүзілік әскери ойындардың (CISM) жеңімпаздары мен жүлдегерлері Теміртас Жүсіпов, Абзал Құттыбеков және Тимур Нұрсейітов те бар.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 18 қыркүйекте «Патриот» мәдени-көрме орталығында өтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...