Сағынтаев оқ тиіп қайтыс болған 4 жасар баланың отбасына көңіл айтты
14 Қаңтар, 17:13 538

Сағынтаев оқ тиіп қайтыс болған 4 жасар баланың отбасына көңіл айтты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 4 жасар Айкөркем Мелдехан қайтыс болған көпбалалы отбасына барды.

Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдеханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.

Қайғылы жағдайға байланысты тәртіпсіздік барысында 4 жасар Айкөркем көз жұмды, ал оның 15 жасар әпкесі Жанель жарақатпен реанимацияда.

Б. Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...