Сағынтаев ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

13 Ақпан 2019, 21:51
2091
Бөлісу:
Сағынтаев ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Астана, BAQ.KZ. Бақытжан Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру аясында ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында ауылдық елді мекендердегі халықтың тұрмыс сапасын арттыруды көздейтін «Ауыл – ел бесігі» жобасы талқыланды. Атап айтқанда, экономика мен өндірістік секторды, инженерлік инфрақұрылым мен коммуникацияларды, энергетика мен экологияны, қауіпсіздікті, өнімді жұмыспен қамтуды дамыту, соның ішінде ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестің өсуіне жағдай жасау, сондай-ақ, жастарды ауылдық аумақтар мен агробизнесті дамытуға тарту мәселелері көтерілді.

Көрсетілген шараларды Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі әрекет етіп тұрған мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асыру көзделген. 

Мәселелерді талқылау барысында Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің және облыс әкімдерінің заманауи тұрмыс сапасы стандарттарына сәйкес әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тәсілдері қаралды.
Сонымен қатар, кеңес барысында Мәдениет және спорт министрлігінің туризмді басқару жүйесін одан әрі дамыту аясындағы ұсыныстары тыңдалды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеңес қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға талқыланған мәселелерге қатысты жұмысты жалғастырып, барлық айтылған ұсыныстарды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы