Бас жаңалықтар
Сағынтаев Алматыда жыл соңына дейін қанша жұмыс орны ашылатыны туралы айтты
25 Маусым 2021, 13:13 2260

Сағынтаев Алматыда жыл соңына дейін қанша жұмыс орны ашылатыны туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала экономикасының ежелгі салаларын қалпына келтіру және 800-ден астам жұмыс орны құрылатын Индустриалды аймақтың маңызды рөлі туралы айтты.

Оның айтуынша, Алматының өнеркәсіптік секторын қолдау аясында Индустриалды аймақ қарқынды дамуда. Мұнда жыл соңына дейін 823 жұмыс орнын құратын 40,3 млрд теңгеге тоғыз жоба іске асатын болады.

Жаңа кәсіпорындарда автоклавталған газбетон, медициналық мақсаттағы диагностикалық тестілер, табиғи тастан жасалған бұйымдар, салқындатқыш сұйықтықтар, үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырлар, электр бұйымдары, инженерлік сантехника және жылыту жабдықтары, орташа вольтты кешенді тарату қондырғыларын шығару өндірісі жолға қойылады. Жобаларды «Рахат БК», «Г.С.Г. Высотник»,« Kaз-Диа-Teст», City Stone, «Әлем тынысы», Asia steel pipe corporation, «Электробар», Valtherm, Technokont сияқты кәсіпорындар жүзеге асырады, - деді ол.

Қазіргі кезде бөлінген жер учаскелерінде құрылыс-монтаж жұмыстары қызу жүргізілуде. Кейбір резидент-компаниялар ғимараттардың іштерін әрлеуде, өндірістік жабдықтарды жеткізуде және аумақтарды абаттандыруда.

Индустриалды аймақта шағын кәсіпорындар үшін алаңы орта есеппен 5 мың шаршы метр болатын өндіріс орындары салынуда. Биылғы жылы 20 мың шаршы метрлік төрт шағын өндірістік паркті саябақты іске қосу жоспарлануда, инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгені құрайды, 900 жұмыс орны ашылады. Алматыдағы шағын өнеркәсіптік парктердің резиденттері үшін жылдық 2%-бен жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған, жалға берілетін 1 шаршы метр орынның құны – 1200 теңге, - деп атап өтті қала әкімі.

Оның айтуынша, «Алатау» ИТП» АЭА-да жыл басынан бері прибор жасау жасау және фармацевтика салалары бойынша 8 жобаға қатысты өндірістік алаңдарды жобалау басталды. Жалпы инвестиция көлемі 44,5 млрд теңгені құрайды, 1,6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Қала үшін маңызды сала сауда болып қала береді - жалпы ішікі өнімнің 32,9%, жұмыспен қамтылғандардың 24,4%. Биыл базарлардың орнына 81 жаңа заманауи сауда нысандарын іске қосу жоспарлануда.

Алматыда онлайн-тауар айналымының көлемі 2,3 есеге (228,6%) өсті. Қаладағы интернет-дүкендердің үлесі елдегі барлық дүкендердің 60%-ын құрайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бақытжан Сағынтаев жағдай ушықса, көпсалалы ауруханалар қайтадан инфекциялық мақсатта пайдаланылатынын айтты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...