Сәдуақасова: Өзгерісті Парламент емес, референдум арқылы енгізу – дұрыс шешім
6 Мамыр, 12:13 512

Сәдуақасова: Өзгерісті Парламент емес, референдум арқылы енгізу – дұрыс шешім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  AMANAT партиясының қоғамдық институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова  референдумдағы заңнама мен  азаматтардың құқықтарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел барысында айтты.

Қазақстан тарихына үңілсек, елімізде екі рет референдум өтті.  Екеуі де 1995 жылы өтиі. Бірінші рет Президенттің өкілеттігін ұзарту бойынша, екінші рет жаңа Ата заңды   қабылдадық. 1995 жылдан бастап 27 жыл өтті. Біз 1999 жылы референдум туралы заң да қабылдадық. Ол бүгінгі күнге дейін қажет болмады. 27 жыл бойы референдум тетігі қабылданбады. Алайда Конституцияға 5 рет өзгерту енгізілді, – деді ол.

Сәдуақасова атап өткендей, Ата заңға өзгертуды Парламент арқылы немесе референдум арқылы енгізуге болады.

Соңғы 27 жылда біз бұл тетікті қолданбадық. Президент өзгертулерді референдум арқылы шығарғаны дұрыс шешім. Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізіледі. Осындай ауқымды өзгерісті Парламкнт арқылы емес, референдум арқылы енгізу өте дұрыс шешім. Халық өздері таңдап, дауыс беруге қатысуы керек, – деді Динара Сәдуақасова.


Фото: автордан
Загрузка...