Бас жаңалықтар
Садриддин Ахмедов Канадада "Жыл жаңалығы" атанды
08 Қаңтар 2020, 21:16 27342

Садриддин Ахмедов Канадада "Жыл жаңалығы" атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канадалық Netboxe.com басылымы 2019 жылдың үздік спортшыларын анықтады, деп жазады Prosports.kz сайты.

"Жыл жаңалығы" номинациясында қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) атанды. 21 жастағы боксшы бірінші орта салмақта WBC Asia және WBC Youth World белбеулерінің иегері.

Қазақстандық жас боксшы Канадада оған артылған үмітті ақтады. 2016 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы 18 жасында әуесқой бокста үздіктердің бірі саналған. 2018 жылы кәсіпқой рингке бет бұрған ол Камил Эстефанның компаниясы Eye of the Tiger Management-пен келісімшартқа отырған. Қазір ол Марк Рэмсидің қол астында жаттығады. Шеберлігі жоғары деңгейде. Ерекше жойқын соққысы бар. Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста өткізген барлық 11 жекпе-жегінде жеңіске жеткен, – деп жазды басылым.

Еске сала кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін 8 желтоқсан күні өткізіп, жетінші раундта аргентиналық Хосе Вильялобосты жеңді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...