Бас жаңалықтар
Садриддин Ахмедов әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды
25 Қаңтар 2019, 14:10 1376

Садриддин Ахмедов әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды

Астана, BAQ.KZ. 26 қаңтар күні Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) әлем чемпионы атағы үшін Монреал қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуарес (12-1, 4 КО) болады. Олар жастар арасындағы орта салмақтағы WBC әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.

Бұл сайысты «QAZSPORT» телеарнасы 27 қаңтар күні сағат 08:00-де тікелей эфирде көрсететін болады.

Айта кетейік, Садриддин 21 жасқа дейін WBC әлем чемпионы атағына үміткер болған алғашқы қазақстандық боксшы. Сондай-ақ, отандасымыз әуесқой жастар арасында әлем чемпионы.

Соңғы рет Ахмедов рингке 14-ші желтоқсан күні шыққан. Ол Канаданың Эдмонтон қаласында мексикалық қарсыласы Элиуд Мелендес Рочуды 82 секундта нокаутқа жіберген болатын.

Загрузка...

Сізден жаңалық